жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 0:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Өлмейтұғын сөз қалдырған» атты поэзиялық кеш.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Өлмейтұғын сөз қалдырған» атты поэзиялық кеш.
ашық дереккөзі
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Өлмейтұғын сөз қалдырған» атты поэзиялық кеш.
Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 – жылдық мерейтойын тойлау мақсатында  2020 жылдың 9 қыркүйек күні Абай атындағы орталық кітапханада  «Өлмейтұғын сөз қалдырған» атты поэзиялық кеш  өткізілді. Аталмыш іс-шараға Тараз қаласының студенттері және де қала жастары қатысты. Қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерген ұлы ақын Абай Құнанбайұлының рөлін сомдаған театр әртісі және студенттердің қатысуымен композиция сахналанды. «Көркем сөздің асылы – поэзия» атты композицияда қала жастары Абай Құнанбайұлының шығармаларын орындап көрерменге қуаныш сыйлады. Іс –шараға Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы өңірлік университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының доценті, Абайтанушы Саламатова Рахат ханым  және Абай атындағы орталық кітапхананың меңгерушісі   Гүлжазира Қойшыбайқызы қатысты. Бүгінгі күні өскелен ұрпаққа өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың еңбек жолы, өмірі туралы мағлұмат алып, ой қозғау үшін сөз кезегі Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы өңірлік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, Абайтанушы   Саламатова Рахат ханымға берілді. Сұхбат барысында Абайдың біз білмейтін қырларымен таныс болдық. Саламатова Рахат ханымның сөзін Абай атындағы орталық кітапхананың меңгерушісі Гүлжазира Қойшыбайқызы жалғап кетті. Гүлжазира Қойшыбайқызы Абай әлеміне саяхат жасап шараға қатысушы жастардың сұрақтарына жанжақты жауап берді. Абай – сазгер. Оның көп өлеңдері өз әнімен тараған 30- дан астам әні бар, 3 күйі бар. Абай Құнанбаевтың осындай керемет әндерін поэзиялық кешке қатысушылар және қонақтар бірге шырқады. Поэзиялық кешке арнайы дайындаған Мырзатай Медеудің арнауы көрерменді тәнті етіп, көрерменнің құлағының құрышын қандырды. Поэзиялық кешке қатысушы қонақтарға Абай өміріне,шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылып ойындар ойнатылды. Абай шығармашылғын жас ұрпақтың жүрегіне терең бойлатып, Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілтіп, ой-өрісі мен тапқырлығын дамыту мақсатында  өткізілген «Quest Abai» атты квест ойындарының жеңімпаздарын  поэзиялық кешке қатысушы құрметті қонақтарымыз марапаттады. Таңшолпан Поштабаева, Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығының»  ұйымдастыру секторының жастар  ісі жөніндегі инспекторы
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар