Мәдениет

Ахмет Байтұрсынов туралы су жаңа фильм жарыққа шығады

Оның прокаты 23 мамырдан басталады

23 мамырдан бастап еліміздің кинотеатрларында қазақтың ұлы гуманист-күрескері Ахмет Байтұрсынов туралы «Соңғы үкім» толықметражды көркем фильмі прокатка шығады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне сүйенсек, фильмде Ресей империясы мен Еуропаның айтулы университеттерін тәмамдаған білімпаз қазақ зиялыларының  алғашқы толқыны ұстаз деп мойындаған бастауыш сынып мұғалімінің өмір жолы туралы баяндалады.

Кинотуындыны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен «Folklore media» студиясы түсірді. Фильм Алматы, Семей қалалары мен Абай, Алматы, Жетісу облыстарының жерінде түсірілді.