сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026 22:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда бірқатар көрнекті тұлғалар мұрасына арналған көрме ашылды

Алматыда бірқатар көрнекті тұлғалар мұрасына арналған көрме ашылды
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Көрме экспозициясына 350-ден астам баспа басылымы мен 200-ге жуық электронды материал қойылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында биыл мерейтойы аталып өтетін мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиет пен өнер саласының 16 көрнекті өкіліне арналған көрме ашылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Олардың қатарында Жамбыл Жабаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Жұбанов, Сайын Мұратбеков және өзге де тұлғалар бар. Көрме экспозициясына 350-ден астам баспа басылымы мен 200-ге жуық электронды материал қойылды.

Кітапханаға келушілер мерейтой иелерінің өмірбаяны, кәсіби және қоғамдық қызметі жөніндегі мәліметтермен таныса алады.

Мәдениет қайраткерлеріне жеке бөлім арналып, олардың театр, кино және музыка өнерін дамытуға қосқан үлесі таныстырылды. Көрмені ҚР Ұлттық кітапхана оқырмандары жыл бойы тамашалай алады.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар