Мәдениет

Қайрат Нұртастың Наурыздағы бір концертінде алатын гонорары белгілі болды

Павлодар қаласының әкімдігі Наурыз мерекесінде Халық әртісі Роза Рымбаева мен әнші Қайрат Нұртастың өнеріне 10 млн теңге төлеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz "Наша жизнь" ақпарат порталына сілтеме жасай отырып.

Павлодарда Наурыз мерекесінде Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртас өнер көрсетеді. Мерекелік концерт 22 наурызда орталық алаңда өтеді. Жұлдыздарға гонорар төлеу үшін қала бюджетінен 10 млн теңге бөлінген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар әкімінің орынбасары Светлана Гладышева мәлім еткен. 

Наурыз мейрамын павлодарлықтар екі күн атап өтеді.

Сондай-ақ мерекелік бағдарламалар Павлодардың барлық қала маңындағы ауылдарында өтеді.