Мәдениет

Қазақстанда тағы екі телеарна міндетті каналдар қатарына қосылады

The final spritzer

Қазір еліміз бойынша көрсетілуі міндетті он бес телеарна бар

Мәдениет және ақпарат министрлігі тағы екі телеарнаны міндетті каналдар қатарына қоспақ. Бұл туралы Ашық нормативтік-құқықтар сайтындағы бұйрықтан белгілі болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

«Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы     17 маусымдағы № 171  бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18861 болып тіркелген) тиісті толықтыру енгізуді көздеген министрлік «ATAMEKEN BUSINESS» және «НТК» арналарын міндетті телеарналар қатарына қоспақ. 

Өзгеріс  2024 жылғы 29 ақпанға дейін қоғам талқылауына ұсынылған.