"Балаларым нағашы атасына жақын": Жұлдыз Әбдікәрімова әкесін көрсетті
Актриса балаларымен төркініне қыдырып келген
Әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова балаларының нағашыларына қатты еркелейтінін айтып, әкесі мен туған бауырын көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Өнер иесі желідегі парақшасына әуежайдан видео жариялаған.
Онда актрисаның әкесі мен бауыры Жұлдыз Әбдікәрімованы балаларымен Алматыдан Астанаға шығарып салып тұрғанын көруге болады.