дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Баласағұн қалашығына апаратын тас жол салынады

Баласағұн қалашығына апаратын тас жол салынады
ашық дереккөзі
Баласағұн қалашығына апаратын тас жол салынады

Тарихи-мәдени ескерткіштерге инфрақұрылым тарту – туризмді дамытуға сеп болатын басты қадамдар екені белгілі. Өйткені, сан ғасырлық тарихқа куә болған нысандарды көруге ұмтылған саяхатшыларға ескерткішке апаратын қарапайым тасжолдың жоғы  үлкен кедергі болып жатады. Бұл ретте, Жамбыл облысында аталған мәселені шешу мақсатында айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.

Мәселен, күні кеше   әлемдік ЮНЕСКО тізіміне енген Ақтөбе (Баласағұн) қалашығына апаратын жол жайын бағамдау мақсатында еліміздің ғалымдары аталмыш қалашықта бас қосты. Мұнда келген мамандар қатарында  «Қазреставрация» ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының бас сәулетшісі Ляззат Бейсембаева, мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық музейінің директоры Нұрлан Бықыбаев, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD докторы Ералы Ақымбек және «ТаразДорПроект» ЖШС мамандары болды.

Басқосу барысында Ақтөбе қалашығына апаратын автомобиль жолының жобасы талқыланды. Бабаларымыздың сан ғасырлық тұрмыс-салтынан дерек беретін көне қалашықтың тұтас құрылымына зиян тигізбеу үшін автомобиль жолының ескерткішке тигізетін әсері мамандар жағынан тыңғылықты тексерілді. Күре жолдан көне қалашыққа апаратын жолдың өтетін жерлері таңдалып, тараптар ортақ шешімге келді.

 width= "Ежелгі Тараз ескерткіштері"
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар