Мәдениет

Фотосурет байқауы мәресіне жетті

Фотосурет байқауы мәресіне жетті

Бүгін облыстық көрме залында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жамбыл облыстық «Арай» жастар газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабайдың ұйытқы болуымен «Алтын күз» тақырыбында облыстық қашықтықтан өткізілген фотосурет көрме-байқауының марапаттау рәсімі өтті. Шараға арнайы қатысып, құттықтау сөз алған «Aulieata media» ЖШС директоры Нұрбек Бекен фотоөнердің ерекшелігіне тоқталып, байқау жеңімпаздарына сәттілік тіледі.

 width= «ARAI» облыстық жастар газеті мен Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен фото-сайысқа Жамбыл, Талас, Тұрар Рысқұлов, Шу, Мойынқұм, Қордай ауданы мен Тараз қаласының бірқатар мектертері мен техникалық шығармашылық орталығының тәрбиеленушілерінің 250 жұмысы келіп түскен болатын. Нәтижесінде Техникалық шығармашылық орталықтың тәрбиеленушілері Думан Нұғманұлы мен Алина Паримбек бас жүлдеге ие болды. Бұдан бөлек жас ерекшеліктеріне қарай қатысушылар І, ІІ, ІІІ орындарды еншілеп, дипломдармен марапатталды.

 

Айжан Өзбекова