Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Облыстық ардагерлер кеңесінің бірлескен жобасы «Ғибратты керуен» Меркі ауданына келді. Араға ай салып қайта жалғасын тапқан аталмыш шараны Меркі жұрты ықласпен қабыл алды. Аудандық мәдениет үйінде өткен шарада зиялы қауым өкілдері келелі басқосу жасап, мәдениет саласының майталмандары мастер класс өткізді. Атап айтқанда, А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының гриммері Әсел Ахметова "Меркі" халық театрының актерлерне өз саласы бойынша шеберлік сағат өткізді. Аудандық мәдениет үйінің "Меркі әуендері" халықтық ән-би ансамбліне шеберлік сағатты Халықаралық конкурстардың лауреаты, домбырашы Дидар Басығараев өткізді. Шараны "Руханият және тарихтану" орталығының директоры Сауран Қалиев жүргізіп, ортаға ой қосып отырды. Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен "Құлбай баба" мешітінің бас имамы Амангелді Иембергенов, Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі өздеріне берілген тақырып аясында тәрбие мен білім жән дін тұрғысында әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, басқосудың соңында көрермен назарына әлеуметтік бейнеролик көрсетілді. Бағдарлама К.Әзірбаев атындағы облыстық филармония әртістерінің ән шашуымен аяқталды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз