Мәдениет

«Көп жүрекпіз». Италиялық басылым Димаш Құдайберген жайлы не жазды

Димаш Құдайберген туралы мақала жарияланды

Мәдениет, әдебиет, тарих және философия туралы жазатын италиялық «Pensiero» басылымы Димаш туралы «Димаш Құдайберген. Шығыс пен Батыстың арасы. Астанаға баруға лайықты өте сирек кездесетін дауыс иесі» атты мақала жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Димаштың Астанадағы жеке концертін тамашалаған мақала авторы қазақстандық ерекше дауыс иесінің өнері, шығармашылығы, отбасы туралы жазған. Сонымен қатар әлемге әйгілі әншіні түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін, барша адамзатты өнерімен баураған, оларды бір арнаған тоғыстырған дәнекер деп баға береді.