Мәдениет

«Капитан Байтасов» фильмінде басты рөлді Азамат Сатыбалды сомдайды

Фильм күзде жарыққа шығады деп жоспарланған

2011 жылы Тараздағы терактіде қаза тапқан Ғазиз Байтасовқа арналған кинокартинада басты рөлді белгілі актер Азамат Сатыбалды ойнайды, - деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұл күнде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Капитан Байтасов» фильмін түсіріп жатыр. Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың рөлін сомдап жатқан «Қазақфильм» АҚ төрағасы, актер Азамат Сатыбалды түсірілім алаңынан хабар таратып, осынау салмақты рөлді ұсынған режиссерлерлерге алғысын жеткізді. 

Еске салайық, Ғазиз Байтасов 2011 жылдың 12 қарашасында  Тараз қаласында қауіпті лаңкес қылмыскерді ұстау барысында қаза тапты. Қылмыскердің қолындағы гранатаны халыққа қарай лақтыруға жол бермей, өз денесімен жауып қалды. Осы ерлігі үшін оған Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілді.