жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 0:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Караокеде ән айтып, тіл үйренуде

Караокеде ән айтып, тіл үйренуде
ашық дереккөзі
Караокеде ән айтып, тіл үйренуде
Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен  қазақ, орыс және ағылшын тілі тыңдаушыларының қатысуымен «Караоке Battle» байқауы өтті.
Шараның мақсаты – халықтар достығын нығайту, ана тілін құрметтеу, үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) жетік меңгерген тіл үйренушілерді анықтау және қолдау көрсету.
«Караоке Battle» байқауына қазақ, орыс және ағылшын тілі курсында оқитын мемлекеттік, бюджеттік сала қызметкерлерінен және студенттерден құралған 3 тыңдаушыдан тұратын 3 топ қатысты. Жарысқа қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілінде караокемен өлең айтты.
Жарысқа орталық қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студентерінен жасақталған топтар қатысты.
Нәтижесінде, «Ұлттық Ұлан» тобы жеңімпаз атанды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар