«Мұнекеңе одан артық дәреже бере алмаймын». Қайнар Алагөзов Төреғалидың үстінен арыз жазғысы келген ақынға жауап берді
Мұнайдар Балмолда бұған дейін эстарада жұлдызы әнін рұқсатсыз алғанын айтып, арызданған
Ақтөбелік ақын Қайнар Алагөзов Төреғали Төрәліге «әнін рұқсатсыз алғаны үшін» шүйліккен Мұнайдар Балмолдаға жауап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Еске сала кетейік, осыдан біршама уақыт бұрын Төреғали Төрәлінің орындауында шыққан «Мұғалжар жылқылары» атты ән әлеуметтік желіде қатты таралды. Аталған әннің сөзін ақтөбелік Қайнар Алагөзов жазған. Алайда бұл ән бұрында шыққандықтан, ескі нұсқасының сөзін жазған Мұнайдар Балмолда «әнді рұқсатсыз алды» деп, әлеуметтік желіде шу шығарды. Осы мәселеге әншінің өзі емес, әннің сөзін жазған Қайнар Алагөзов жауап қатты. Оның сөзінше, әнді шығару идеясы «Қазақтың жылқылары» әнінің композиторымен келісілген.