Мәдениет

Мейрамбек қатысы жоқ іске басын сұқпасын: Баян Алагөзова Бесбаевтың бетін қайтарып тастады

Мейрамбек қатысы жоқ іске басын сұқпасын: Баян Алагөзова Бесбаевтың бетін қайтарып тастады

Баян Алагөзова мен Мейрамбек Бесбаевтың пікірі бір арнада тоғыса алмады. Қазіргі кино туындыларды арзан өнімге балаған әншіге продюсердің жауабы дайын

Бұл туралы Paparazzi бағдарламасындай айтылды  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Қазақ эстрадасының королі Мейрамбек Бесбаев қазіргі шоу-бизнеске көңілі толмайды. Бірі балағаттап ән айтса, бірі кеудесін ашып танылады дейді. Кино фильмдерді сүйісуден басталған кадрлар жақында одан да ұятты кадрларға ауысады деп топшылады.

Осылай деген Бесбаев өнерде жүрген жастар мен оған жауапты саланы сынға алды.

Ал продюсер, бірнеше кино түсіріп үлгерген Баян Мақсатқызы бұл пікірмен келіспейді. Мейрамбек өзі жөнімен жүрсін деп меңзеді.

Бір кездері Мейрамбек дәл осы Алагөзованың “Ғашық жүрек” фильміне түскені белгілі. Бұл фильм ғұмыры ұзақ кино тізіміне жата ма? Желі қолданушылары өз пікірін айтты.

“Мейрамбек Алагөзованың фильмінде бас рөлді сомдап еді ғой, ол үшін қомақты ақша алған шығар”, “Алагөзованың өзі де кинопродюсер емес, не айтып тұр Мейрамбекке”, “Баянның киносын қалай көреді, біркүндік фильмдер”, “Расында біреудің нанына таласып не керек? Қолынан келсе өзі жасасын”, “Баянның киносында бір кәсібилік жоқ. Мейрамбек соны айтып тұр. Тәлімі жоқ. Кино деп айтуға келмейді. Сынды Мейрамбек айтпаса, енді кім айтады? Мейрамбек кино продюсер болмаса да нағыз лайық адам”, “Кино түсіру бұлар үшін бизнеске айналған”, – деді желідегілер.