Мінсіз қызмет – мерейлі міндет
Мінсіз қызмет – мерейлі міндет
Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 25 кітапхана, оның ішінде аудандық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы және 23 ауылдық кітапханалар жұмыс істейді. Барлық кітап қоры - 272 204-ті (269 632) құрап отыр. Оның ішінде, мемлекеттік тілде - 130 075 (126 180) кітап, оқырмандар саны - 7 927 (14 506).
Өткізілген көпшілік іс-шаралар саны 793 (810). Компьютермен қамтылған кітапхана саны - 25, компьютердің саны - 86 дана. Барлық компьютерлер интернетке қосылған, телефонмен 24 кітапхана қамтылған, принтер саны - 53 дана, 3/1 көшірме - 14 дананы құрайды.
“РАБИС” бағдарламасымен 25 кітапхана жұмыс істейді.. Енгізілген дерекқор саны – 135 457.
Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен 2018 жылдың маусым айында өткен республикалық Саяси Кеңестің отырысында тұрғындардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында барлық жерлерде «Білім орталықтарын» ашу жөнінде нақты тапсырмалар берілген болатын. Аталған тапсырмаға сәйкес өңірде «Білім орталықтары» ашылып, ел игілігіне берілді. Онда кітапханалар жүйесін жаңғырту, заманауи құрылғылармен жабдықтау, цифрлы жобалар енгізу бүгінгі күннің басты талабы ретінде көрініс табуы белгіленген. Осыған орай тұрғындардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында 2018 жылы жергілікті бюджеттен 2 065 219 теңге бөлініп, аудандық орталық кітапхананың оқу залы қайта жабдықталып, «Білім орталығы» болып ашылды.
2018 жылы ауыл тұрғындарына көрсетілетін электрондық ақпараттық қызмет аясын кеңейту, тұрғындардың маңызды ақпараттар мен анықтамаларға қолжетімділігін арттыру мақсатында ауылдық жердегі клубтар мен кітапханалардың базасынан 8, атап айтқанда, Түймекент, Дихан, Абай, Бурыл, Қостөбе, Қызыл жұлдыз, Мырзатай, Ынтымақ ауылдық кітапханаларының базасынан ақпараттық орталықтар ашылды. Орталықтарды ашу үшін жергілікті бюджеттен 2 млн. 500 мың теңге қаржы бөлініп, кітапханалар жиһаздармен, жаңа технологиямен жабдықталды.
2019 жылы жергілікті бюджеттен 5 млн. теңге қаржы бөлініп, 10 кітапханадан: Амангелді, Аймантөбе, Байзақ, Жетібай, Көктал, Кеңес, Жақаш, Үлгілі, Тегістік, Сарыкемер ауылдық кітапханалары мен аудандық кітапхананың базасынан ақпараттық орталықтар пайдалануға берілді. 2020 жылы 5 (Талас, Көкөзек, Диқан-2, Ақжар, Ақшолақ) ауылдық кітапханаларына 3 млн. 800 мың теңге қаржы қаралып, ақпараттық орталықтар есігін айқара ашты. Бүгінгі күнге 23 ақпараттық орталықтардан 8158 (11.11.2020) анықтама берілді. Ашылған орталықтарда бүгінгі күні ауыл тұрғындарына 30-ға жуық қызмет түрлері көрсетілуде.
Аталған орталықтарда көрсетілетін қызметтерді басқару және іске асыру үшін бір орталық жүйеге қосылған жеке сайт ашылып, онда аудан бойынша ауылдық округтер мен мекемелерде көрсетілетін қызметтер және түрлі мәліметтер базасы жинақталып, сайтқа толық енгізіліп, бүгінгі күнге 1251 (11.11.2020) сұраныс қанағаттандырылды.
Ашылған ақпараттық орталықтарда ауыл тұрғындары қажет болған жағдайда аудан орталығы - Сарыкемерге бармай-ақ, салық есептілігін тексеру, бет есебін қарау (лицевой счет), жеке кәсіпкер болып тіркелу, жеке және заңды тұлғалар табысы жайлы декларация өткізу, ветеринариялық анықтамалар беру, ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді жүргізу (малға сырға салу), жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру (нәтижесін алу уақыты 10 күн), мекен-жай анықтамасын алу (нәтижесін алу уақыты 10 минут), баланың тууын тіркеу туралы, бала тууға және бала бір жасқа толғанға дейін оны күтуге жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу, некеге тұру, туу туралы анықтама алу, туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру, электронды қолтаңба алу, жұмыссыз азаматтардың жолдама алуы, мобильдік базаға тіркелу, аудан бойынша бос жерлер мен бос жұмыс орындары туралы ақпаратты алуға қол жеткізіп отыр.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде барлығы 793 көпшілік іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде наурыз айының 16-нан онлайн режімінде өткізілген іс-шаралардың саны - 416. Атап айтсақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру-ортақ парызымыз», «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты онлайн-сұхбаттар, «Жас ұрпақ-ұлттың тұтқасы» атты онлайн танымдық сағаты, «Ел рәміздері-ел рухы» атты әдеби кеш, «Киелі Байзақ - туған өлкем», «Ұлы Дала-ұрпаққа аманат» атты тарих сағаттары, «Құндылық кілті–келісім мен татулық» атты саяси сағаты, Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Ұлы ойшыл», «Ғұлама ғалым» атты онлайн тарих сағаттары, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай-дана, Абай – дара тұлға», «Парасат биігінен ой толғаған ғалым» атты портрет кештері, «Жауһар жырлар иесі» атты поэзия кеші ұйымдастырылып, өткізілді.
Салтанат ӨМІРБЕКОВА,
Байзақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры.