«Әншілерге қиын болды». Енді ән ұрлағандар 6 жылға сотталуы мүмкін
Өзгенің туындысын емін-еркін орындағандар енді ән иесінен рұқсат алуы керек
Елімізде біреудің әнін рұқсатсыз орындағандарға 300 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Сонымен қатар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
31 арнаның жазуынша, Әділет министрлігі авторлық құқыққа қатысты әкімшілік жауапкершілік енгізуді қарастырып жатыр.
Жаңа заң жобасында автордың кез келген туындысын рұқсатсыз алып, өз мақсатына пайдаланатындарға жазаны күшейту қарастырылған. Бұл бастамамен композитор Әзиз Балтабекұлы да қолдап отыр.
Мейрамханалар мен караокеде орындаушы белгілі бір автордың туындысын шырқау үшін міндетті түрде ұжымдық ұйымдармен шарт жасасуға тиіс. Шартқа сәйкес, шығарма иесіне ай сайын сыйақы беру міндеттеледі.
Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің бас сарапшысы Ботагөз Сатжанованың айтуынша, жаңа заң жобасы әзірге пысықталып жатыр.