Мәдениет

Роза Рымбаеваның «сыңары» табылды

Жас өнерпаз Жүргенов академиясының студенті болып шықты

Желіде халық әртісі Роза Рымбаеваға қатты ұқсайтын жас өнерпаздың видеосы тарады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Tik-Tok әлеуметтік желісіне жүктелген бұл бейнежазбаны екі жүз елу мыңға жуық адам көрген. Халықтың көбі видеодағы адамды Роза Рымбаевамен шатастырғандарын айтады. Бірақ, жазба авторының айтуынша, бұл – емтиханға дайындалып жүрген жас студенттің видеосы.

Кейін анықталғандай, бейнежазбадағы әртіс Жүргенов атындағы өнер академиясының 20 жастағы студенті Елдана Ғаниқызы болып шыққан.

Ал оның оқырмандары мен көрермендері талантына тәнті болып, халық әртісі Роза Рымбаеваның жолын тілеген.