Мәдениет

"Сүйінші": Мейрамбек Бесбаевтың әулиетінде шілдехана той болады

Әнші үшінші перзентін күтіп жүр

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Бесбаев тағы да әке атанбақ. Әншінің жары Мархабат Бесбаеваның ай-күні жақын, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мархабат Бесбаева желідегі парақшасына видео жариялап, халықтан сүйінші сұраған.

Желі қолданушылары қолдау білдіріп, ақ тілегін жарыса жазған.

«Ағамыз сиякты халыктың баласы болсын», «Мейрамбек аға берген бата, көкпарда көптің тілеуі қабыл болыпты ғой», деп желі қолданушылары да өздерінің жылы лебіздерін білдірді.