жексенбі, 7 шілде, 2024 11:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Шәмші ғұмыр" спектакль-концерті өтті

"Шәмші ғұмыр" спектакль-концерті өтті
ашық дереккөзі
"Шәмші ғұмыр" спектакль-концерті өтті
Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен "Шәмші ғұмыр" спектакль-концерті сақтық талаптарына сәйкес 50-ге жуық көрерменнің қатысуымен өтті. Концерт Қазақстанның халық әртісі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай жүзеге асты. "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Ұлы даланың ұлы есімдері" жобасы аясында өткен шара К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филормониясының "Баласағұн" ғимаратында өтті. Кеште ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың құттықтау сөзі қалың көпшілікке жеткізілсе, шара соңында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтау тілегін жеткізді. "Шәмші ғұмыр" спектакль-концерті "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Ұлы даланың ұлы есімдері" арнайы жобасын ілгерілету, Қазақстанның халық әртісі, копозитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай халық арасында Шәмші әндерін және оның шығармашылығын насихаттау, қазақ өнері мен мәдениетіне көпшіліктің ықыласы мен қызығушылығын арттыру мақсатында іске асты. Іс-шара барысында А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры ұжымының И.Сапарбайдың "Сыған серенадасы" музыкалық драмасынан үзінділер қойылымы ұсынылды. Сондай-ақ, елімізге белгілі эстрада жұлдыздары Б.Самединова, Г.Ақүрпекова, Д.Таңатаров, С.Медеуов, С.Майғазиев, К.Жанәбілов қатысса, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының "Ақкербез", "Айша бибі" би ансамбльдері кешті бимен көркемдеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар