дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 15:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұшақта төбелес шығарған Қайрат Нұртас 5 жылға сотталуы мүмкін

Ұшақта төбелес шығарған Қайрат Нұртас 5 жылға сотталуы мүмкін
Фото - ашық дереккөзден
Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған

Ұшақ бортында жолаушымен төбелескен Қайрат Нұртас 5 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz
Танымал әнші Қайрат Нұртас Алматыдан Астанаға бет алған ұшақтың ішінде бейбастақ жасаған. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің телеграм арнасында жазды. Оның сөзінше, әнші Асылбек Бекқайыров есімді жолаушымен төбелесіп, денсаулығына жеңіл зиян келтірген. 
Осылайша әуе кемесінің командирі полицияның көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұдырықтасқан екеуді бөлімшеге алып барған. Онда Қайрат Нұртасқа құқық бұзушылық - денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және қайта жасалған ұсақ бұзақылық секілді екі әкімшілік хаттама толтырылған. Сонымен қатар, Асылбек Бекқайыровқа да хаттама жасалыпты. 
Еске салайық,  бұған дейін өнер иесі сахнада боқтық сөз сөйлегені үшін айыппұл арқалаған еді. Қос құқық бұзушылық үшін Қайрат 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алыну қатері төнген. 

-    Бірақ маңызды мәселе бар. Құқық қорғау органдары Қайрат Нұртасқа қатысты Қылмыстық кодекстің 293 - бабының 2-бөлігі - "әуе кемесінің бортында жасалған бұзақылық"бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Полиция ұшақта адамды ұру  қылмыстық іс деп шешті. Баптың санкциясы айыппұл, қоғамдық жұмыстар, шектеулер және тіпті 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады,- деп жазды журналист.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар