Шу ауданындағы "Баласағұн" қалашығы инфрақұрылымға мұқтаж
Шу ауданындағы "Баласағұн" қалашығы инфрақұрылымға мұқтаж
Бұл туралы Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасында туризмді дамыту мәселелері бойынша өткен кезекті кездесуінде айтылды. Өңірлік палатамен ұйымдастырылған басқосуда туризм саласының жанашырлары бірқатар проблемалық сұрақтарды көтерді. Мәселен, Шу ауданының аумағында археологиялық ескерткіш - Баласағұн қалашығы орналасқан. VI-XIII ғасырлардың туындысы. Тарихи өлке 2014 жылы 25 маусымда Катардың Доха қаласында өткен ЮНЕСКО-ның 38-сессиясының шеңберінде Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген болатын. Бұл нысан жергілікті тұрғындармен қатар, туристер арасында өте танымал. Сонымен қатар, барлық туристік маршруттарға енгізілген. Алайда, лайықты инфрақұрылымның болмауына байланысты туристердің аталған археологиялық ескерткішке баруы қиын. Меймандар үшін қандай да бір жағдай қарастырылмаған.