жұма, 5 шілде, 2024 0:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шырқа, Айгүл!

Шырқа, Айгүл!
ашық дереккөзі
Шырқа, Айгүл!
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретен азаматтар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртісі, дәстүрлі және эстрада әншісі Есекеева Айгүл Маратқызымен «Ұлы дала әуендері» атты онлайн ән кешін Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында өткізді. Ән кешін Айгүл Маратқызы әдемі әнмен ашып, алғаш сахнаға анасы алып шыққанын, өнердің ауыр да, қызықты жолы өзін бірден баурап алханына тоқталды. Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониядағы 10 жылы – шығармашылық даму жолы екенін, үнемі дауысты күту мен іздену, қазақтың қара домбырасына адалдық, халық әндерін нақышына келтіріп орындау, эстрада әндерін жанды дауыста шырқау сәттеріне тоқталды. Өзің шыңдау мақсатында түрлі байқауларға қатысатынын, мектептен бастап басталған түрлі конкурстар шетелге де шығарғанын, әлі де ізденісін тоқтатпай, байқаулардан бағын байқайтынын жеткізді. Кеш барысында К.Әзірбаевтың, Ш.Қалдаяқовтың, Е.Әбдіхалықованың әндерін орындады. Өнер ордасында аға-әпке болып, ақылын айтып, қолдап жүрген әріптестеріне шын ықыласын білдірді. ҚР мәдениет саласының үздігі, көптеген байқаулардың жеңімпазы онлайн кештің көрермені Оңал Азаматова Айгүлдің шығармашылығына үлкен баға беріп, сәттілік тіледі. Айгүл Есекеева онлайн оқырмандардың сауалдарына жауап беріп, кешті әсем әнмен аяқтады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар