«Соңғы үкім» фильмі: Азамат Сатыбалды әуел баста неге Ахмет Байтұрсынұлының рөлін ойнаудан бас тартқан
Актер Абайдың рөлін сомдағанына әлі өкініп жүр
Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлының ғұмыры бейнеленген «Соңғы үкім» фильміне түскен Азамат Сатыбалды өзі сомдаған рөлі жайынды пікірін айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Уақыт көрсетеді» ютуб-арнасына берген сұқбатында Азамат Сатыбалды өзіне ұсынылған Ахмет Байтұрсынұлының рөлін ойнаудан басында бас тартқанын хабарлады. Өйткені, актер бұл уақытта ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың образын сомдаған. Осылай ақталған ол Алаш зиялысының табиғатын, пайымды істерін жеткізуге жүрексінгенін алға тартты.
Сонымен қатар сұхбатта актер Абайдың рөлін ойнағаны үшін қынжылатынын атап өтті. Мұны ол «ерте келген рөл» деп түсіндірді. Оның сөзінше, Ахмет Байтұрсынұлының рөлін ойнауға көндірген сценарий авторы Ғалым Доскен болған. Бірақ, Азамат Сатыбалды өз талабын ашық айтқан.
«Мен ол кісі «сіз менімен жұмыс істесеңіз» ойнаймын дедім. Асықпай, аптықпай, дұрыс жұмыс істеу керектігін айттым. Өйткені, бір актердің еркелігі үшін немесе кемшілігі үшін киноны құрдымға кетіргім келмейді. Өйткені, бұл аманат»,- деді ол.