Мәдениет

Таразда ғалымдар әл-Фараби мен Абай мұрасын саралады

Таразда ғалымдар әл-Фараби мен Абай мұрасын саралады

Бізге әл-Фараби мен Абай тағылымы ең алдымен адамгершілік қасиеттерді алдыға қоюға үйретеді. Екі ұлы данышпан да өз шығармалары арқылы ізгілікке және қоғамның игілігі үшін жұмыс істеуге үндейді.

Таразда өткен «Әл-Фараби және Абай: Ұлылар үндестігі» ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылардың да пікірі осыған саяды. Олар тұлғалардың рухани мұраларың зерттеудің маңыздылығын алға тартып, орамды ойларын ортаға салды.

- Бүгінгі конференция ұлы ұстаз әл-Фарабидің 1150 жылдығына және ойшыл ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған. Олардың мұрасы - мәңгілік. Ол арқылы көптеген жас буын рухани толысуда. Әл-Фараби мен Абай - ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісі. Біз бұл игі дәстүрді одан әрі үзіп алмауымыз керек, - деді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысушыларға қарата.

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ұлықбек Есдәулет мұндай конференциялардың ұлы ойшылдардың идеяларын, тарих тағылымын тереңірек тани түсуге, өткеннің қателіктерін болашақта қайталамауға атап өтті.

- Әл-Фараби де, Абай да өз заманының руханиятының көрнекті өкілдері болды. Олардың еңбектері әлі күнге өзектілігін жойған жоқ. Олар бізге бүкіл мемлекеттің өркендеуі мен табысы халықтың рухани дамуына тікелей байланысты екенін жеткізуге тырысты, - дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов.

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі конференцияға онлайн режимінде қатысты.

- Әл-Фараби мен Абайдың өзара ұқсастықтығы көп. Олар білім мен ғылымның прогрестің негізі екендігін алға тартты, - деді ол.

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов та рухани құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығын тілге тиек етті.

Ол Абай шығармаларының тәлімін түйсінген халқымыз бірлігін, келісім мен ынтымақтастығын жоғалтпайтындығына сенім білдірді.

- Абай “Біріңді қазақ, бірің дос, қөрмесең істің бәрі бос” деп бірлікке үндейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, біз ұлы ағартушыны жаңа Қазақстанның бренді етіп, оны бүкіл әлемге танытуымыз керек, - деді Ерлан Сыдықов.

Конференция барысында әл-Фараби мен Абайдың идеяларын насихаттау, олардың өмірлік тәжірибесін зерттеу мақсатында іс-шаралар өткізуге қатысты түрлі ұсыныстар айтылды.

- Бұл бізге мемлекеттігімізді нығайтуға, білім беру жүйесін дамытуға көмектеседі. Ол үшін жаңа жағымды қасиеттерді қалыптастыру, кертартпа дағдылардан арылу қажет. Абай әділетті қоғам құруды армандады және адамдық қасиеттерден алыстамауға меңзеді, - деді Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Тахир Балықбаев.

Абайтанушы, М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ оқытушысы Рахат Саламатова ұлы ағартушылардың шығармалары арқылы қазақ мәдениетінің жетістіктерін насихаттауға болатындығына назар аудартты. Әл-Фараби мен Абайдың көптеген шығармалары әлі күнге дейін күрделі күйінде қалып отыр. Оларды кеңінен зерттеуді жалғастыру қажет. Тұлғалардың философиясының негізі білім мен еңбекқорлыққа деген ұмтылдыру болып табылады.

Сонымен қатар, конференция барысында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев пен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов университет пен облыс әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар түрлі салалар бойынша білікті кадрлар даярлау, экономикалық даму, өндіріс мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға ниетті.

- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - Қазақстанның көптеген көрнекті ғалымдарының ошағы, таланттардың бесігі. Біздің өзара ынтымақтастық тиімділігі мен бүкіл Қазақстанға көп пайда әкелетініне сенімдімін, - деді Бердібек Сапарбаев.

Ғалымқайыр Мұтанов та өз кезегінде жылы қабылдаған облыс әкіміне алғысын білдіріп, университеттің жемісті ынтымақтастыққа дайын екендігіне сендірді.