Тоқаев Пантелей Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Өнер иесі биыл 85 жасқа толып отыр
Президент кеңестік және қазақстандық эстрада әншісі Пантелей Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Бүгін Пантелей Кесоглу 85 жасқа толып отыр. Ол Қазақ КСРнің Халық артисі (1989). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2014). Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Достық және Құрмет ордендерінің иегері.
Өнер иесін бүгін президент марапаттады.