Мәдениет

Жамбыл Жабаевтің 178 жылдық мерейтойына арналған айтыста Қанат Мырзахан 1,5 млн теңге жүлде алды

Тараз қаласында «Жамбыл – менің жәй атым, Халық – менің шын атым» республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, айтысқа еліміздің түпкір-түпкірінен 16 ақын қатысқан. Дүбірлі додада Жамбыл облысының ақыны Қанат Мырзахан үздік деп танылып, бас жүлде - 1,5 млн теңге сыйақыға ие болды.  І орын алған павлодарлық ақын Аспанбек Шұғатаевқа 1 млн теңге жүлде бұйырса, ІІ орын иеленген жамбылдық ақын Дархан Әбдіманат 750 мың теңге жеңіп алды. Ал ІІІ орынды Алтыкүл Қасымбекова мен Әсем Ережеқызы жеңіп алды.

Сондай-ақ адалдықты жырлаған ақжайықтық ақын Мейірман Шәкенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің арнайы жүлдесіне ие болды. Бұдан бөлек, жыр додасына қатысқан барлық ақындарға Алғыс хат пен 200 мың теңгенің сертификаты берілген.