Жамбылдық бишілер жүлдегер атанды
Жамбылдық бишілер жүлдегер атанды
Бүгін Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі тарапынан облысымыздың абыройын асқақтатқан жағымды жаңалық естілді. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған «Рухани қазына – 2020» Республикалық байқауында Шара Жиенқұлова атындағы арнайы жүлде ауданымызға бұйырды. Аудандық «Айжан қыз» халықтық би ұжымының көркемдік жетекшісі Күләш Жангелдіқызы Байтұрсынова Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловадан диплом алып, Нұр-Сұлтан төрінен сүйінші хабар жолдады. Біз де К.Жангелдіқызына шығармашылық табыс тілеп, марапат құтты болсын дейміз.
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, Сарысу ауданы