Мәдениет

Жамбылдықтар көне дәстүрді жаңғыртуда

Жамбылдықтар көне дәстүрді жаңғыртуда

Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қызметкерлері «Дәстүр және ғұрып» арнайы жобасы аясында шашбау тағу челленджін ұйымдастырды. Жоба ұлттық зергерлік бұйымды трендтке айналдыруға бағытталған. Өздеріңізге белгілі, шолпы – ұлттық әшекей және де қыз баласының бойжеткенін білдіреді. Мұны – шолпы тағу дәстүрі дейді. Ал шашбау болса, шолпыдан ұзындығымен ерекшеленеді. Ол күміс шынжырлардан немесе жіптен, жібек баудан жасалып, маржан моншақтармен, сәндік әшекей бөлшектерімен безендірілген таспа баулардан тұрады. Жобалық кеңсе қызметкерлері аталған дәстүрді күнделікті өмірде әдетке айналдыруға шақырады. Сондай-ақ, челленджді актриса Анар Батырхан, әнші Алтынай Жорабаева, жамбылдық журналист Маржан Рақайға және Нұр-Сұлтан қалалық, Түркістан облыстық, Алматы қалалық жобалық кеңседегі әріптестеріне жолдады. [video width="640" height="352" mp4="https://jambylinfo.kz/wp-content/uploads/2020/08/vid-20200820-wa0029.mp4"][/video]