жұма, 22 қараша, 2024 18:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жігерлі, жаңашыл басылым»

«Жігерлі, жаңашыл басылым»
ашық дереккөзі
«Жігерлі, жаңашыл басылым»

Оралхан ДӘУІТ, облыстық «Aq jol» газетінің Бас редакторы, («ARAI» газетінің 2011-2012 жылдар аралығындағы Бас редакторы):

– Бүгінде газет ашу қиын шаруа емес. Мәселе – қандай газет ашуда болса керек. Әр газет алғашқы сандарынан-ақ елді елең еткізіп, өзінің ерекшелігімен оқырманын баурап алуы қажет. Аллаға шүкіршілік, жамбылдық оқырман ақпарат тасқынынан кенде қалып жатқан жоқ. Облыстық «Ақ жол» (қазіргі «Aq jol») газеті ауыл-ауылға аптасына үш мәрте тарауда. Оның үстіне ел күнделікті жаңалықтарды күн сайын теледидардан көріп, радиодан естіп отыр емес пе? Әйтсе де сол жылдары елге ерекше бір басылымның қажет болып жүргені анық еді. Өзінің ерекше стилімен, жаңашылдығымен, көзқарасының дәлдігімен, ойының тереңдігімен оқырманды баурап алатын, негізгі күшті рухани, мәдени дүниелерге салатын газет қажет болды. Міне осыдан он бес жыл бұрын «Ар-Ай» (қазіргі «ARAI») жастар газетін ашу кезінде осындай ойдың айтылғаны, сарапқа салынғаны анық. Мен «Ар-Ай» газеті қалыптасып, ақпарат әлемінде танылып, оқырманның алғысына бөленіп қалған кезінде бас редактор болып келдім. Сондықтан бұл газеттің дүниеге келіп, тәй-тәй басып, елге танылуында алғашқы бас редактор Болат Бекжанның еңбегі өте орасан деп ойлаймын. Қашанда үлкен бір тірлікті бастау, жолға қою, тыңнан түрен салу өте қиын ғой. Қазіргі «ARAI» газетін қолыма алған сайын заманға сай жаңарып, келбеттеніп, өркендеп келе жатқанын байқаймын. «ARAI»-дың әр саны оқырманның бір апталық азығы. Тілші боламын деген талапты жастың ең бірінші аяқ тірер баспалдағы. Иә бұл басылым қаншама жастың белін буып, қаламын ұштап, шығармашылықтың биік шыңдарына жетеледі. Сондықтан да қадірлі. Жас та болса қазыналы басылым. Арада қаншама уақыт өтіп, заман ауысып, жүйе өзгеріп жатса да «ARAI» өз ұстанымынан айныған емес. Менен кейін бұл ұжымға Гүлнұр Ембердиева басшылық жасады, Масат Берік ағамның да бас редактор ретінде қолтаңбасы қалды. Қазір Дәулет Төленді бастаған ұжым жасқа тән жігерімен, жаңашылдығымен, турашылдығымен, өткірлігімен танылуда. «ARAI»-дың он бес жылдық мерейтойы құтты болсын! Бұл асудан «ARAI» үлкен абыроймен асып отыр. Осы жылдар ішінде көп жұмыс атқарылды. Лайым, сол берекелі тірліктер жалғасын таба берсін!

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар