20-дан енді асқан қос аруға бірден үйленген жігіт: екі бөлмеге кезек қонамын
20-дан енді асқан қос аруға бірден үйленген жігіт: екі бөлмеге кезек қонамын
Ержан желідегі халықты қызықтырған көптеген сұраққа жауап берді.
Шымкент қаласының тұрғыны жайлы алдымен көпшілік желі арқылы білген еді. Оның бір күнде қалайша екі қызға үйленгенін көрші-қолаң, ағайын-туыс бір-біріне таңғалып жарыса айтты. Алғашында «КҮН.КЗ» редакциясына жігіттің тойында болған қонақтар видео жолдаған еді. Кейіннен материал сайтқа шыққан сәтте жігіттің әпкелері ұялса керек, «Бұл өтірік» деп хабарласты. Араға көп уақыт салмай бұл жағдайдың шын екенін жігіттің өзі растады. Ержан есімді 27 жастағы жігіт циркте жұмыс істейді екен. Ол жігіт күнінде екі бойжеткенмен қатар сөйлесіп жүрген. Кейіннен екеуін бірдей үйіне алып келген. Анасы қанша қарсы болғанына қарамастан, екі бойжеткен де «Ержанның келіншегі болып, осында қаламыз» деп шешім қабылдаған.