сенбі, 23 қараша, 2024 23:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

2022 жылғы 5 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 6 заңды тұлғадан қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар келіп түсті.

2022 жылғы 5 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау   комиссиясына 6 заңды тұлғадан қоғамдық пікірге сұрау салуды   жүргізгені туралы хабарлар   келіп түсті.
ашық дереккөзі
2022 жылғы 5 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 6 заңды тұлғадан қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар келіп түсті.
2022 жылғы 5 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 6 заңды тұлғадан құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар келіп түсті: 1. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты) - талдау әдісі: деректерді енгізу және өңдеу, сондай-ақ SPSS бағдарламасы арқылы бір өлшемді, екі өлшемді және үш өлшемді кестелерді шығару;  2. «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі - "face to face" сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);  3. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы - талдау әдісі: корреляциялық және ковариациялық талдаулар жүргізу, сондай-ақ жүргізілген сауалнамалардың қайталама талдауы;  4. «Демократия институты» Ғылыми-зерттеу қауымдастығы - «face to face» сұхбат әдісі;  5. Астана - Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты ОФ ИКСИ «СОЦИС-А» - дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);  6. Исследовательская группа DAMU RG - «Халықтың сайлауалды көңіл-күйі» сауалнамасы, CAWI сауалнама әдісі (Computer Assisted Web Interviewing).  Заңды тұлғалардан келіп түскен хабарлар туралы ақпарат олардың келіп түсуіне қарай Орталық сайлау комиссиясының сайтында жаңартылатын болады. 1. Қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу мерзімдеріне қатысты  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 32-бабының 1-тармағына сәйкес сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады. Осылайша, қоғамдық пiкiрге сауал салуды сайлау жарияланған сәттен бастап дауыс беру күніне дейін жүргізуге болады. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң 1-бапқа сәйкес сайлауды дайындау және өткізу кезінде, яғни сайлау кезеңінде туындайтын қатынастарды реттейді. 2. Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялау мерзімдеріне қатысты  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағына сәйкес қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жол берілмейдi.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар