Без рубрики

45 сарбаз әскерге аттанды

45 сарбаз әскерге аттанды

Отан алдындағы абыройлы борышын өтеуге "Отар" әскери гарнизонына 45 жас жамбылдық аттанды. Осы орайда бүгін салтанатты жиын ұйымдастырылды. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Е. Үйсімбаев сарбаздарды қиын да жауапкершілігі мол әскери салада жігерлі болуға шақырып, сәттілік тіледі.  width= Шара барысында алғашқы әскери дайындық кафедрасы студенттерінің   АК - 74 автоматын шашып – жинап, №85395 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің Дефиле қойылымы және «Айбын» әскери жасағының орындауында қоян-қолтық айқас қойылымы көрсетілді,  патриоттық әндер шырқалып, әскер қатарына шақырылушылар мен олардың ата-аналары шараға қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді.  width= Айта кетейік, жас сарбаздар 1 жыл отан алдындағы борышын өтейді.