сенбі, 23 қараша, 2024 2:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

6 айдың қорытындысы: экономикалық өсім қанша?

6 айдың қорытындысы: экономикалық өсім қанша?
ашық дереккөзі
6 айдың қорытындысы: экономикалық өсім қанша?
  Жамбыл облысында алты айдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 5,4 пайызды құрады. Оған мемлекеттік деңгейде қабылданған бағдарламалардың орындалуы барысында қол жеткізілді. Атап айтсақ, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, байланыс, салықтық түсім, жалақы, бюджет кірістерінде едәуір өсім бар көрінеді. Мәселен, биыл 288,1 мың шаршыметр тұрғын үй пайдалануға беріліп, ол тиісті кезеңмен салыстырғанда 14,9 пайызға жоғарылаған. Бұдан бөлек, 160,8 миллиард теңгенің инвестициясы тартылып, ол 12,2 пайызға өскен. Ал инфляция – 104,6 жұмыссыздық – 4,9 пайыз. Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, өнеркәсіп саласында 2025 жылға дейін 2,9 триллион теңгені құрайтын 107 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.  Ал биыл жалпы құны 519 миллиард теңгені құрайтын 40 жобаны  асыру межеленген. Жалпы алты айда – 78,2 миллиард теңгені құрайтын 12 жоба жүзеге асырылған. Бүгінде аймақта баламалы электр қуатын өндіретін 17 жоба (қуаты 327,6 МВт) жұмыс істеуде.  Биыл қуаты 9,2 мегаватты құрайтын «Тасөткел-2» күн электр стансасы  пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін Жаңатас жел электр стансасының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Оның қуат көзі – 100 мегават. Бұл станса іске қосылған жағдайда аймақтағы қуат көзі 387,6 мегаватты құрайды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 172 жоба мақұлданып, оның 168-і несиелендірілген. Сондай-ақ отандық фармацевтика өнеркәсібін дамытудағы есепті кезеңге саладағы өнім 2,4 есеге өскен. Облыстың экономикасын көтеретін саланың бірі - шағын және орта кәсіпкерлік. Кәсіпкерлерге қайтарымсыз грант бөлу арқылы олардың өзін-өзі жұмыспен қамтуына жағдай жасалуда. Биыл алты айдың ішінде 3,5 мың адамға «Еңбек» бағдарламасы аясында 2 миллиард теңгені құрайтын қайтарымсыз грант берілген. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша да облыста оң динамика қалыптасқан.  Биыл 16 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланса, бірінші жарты жылдықта сегіз жоба іске асырылған. Егістік алқаптары 768,5 мың гектарға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 47 мың гектар алқапқа ұлғайған. Құрылыс саласында да серпін бар. Тұрғын үй құрылысы жақсы қарқынмен жүріп жатыр. Жарты жылда 288,1 мың шаршыметр тұрғын үй пайдалануға берілсе, жылдық жоспар – 651 мың шаршыметрді құрайды. Ағымдағы жылы 4482 пәтерлі 76 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына 2902 пәтерлі 50 көпқабатты тұрғын үйі тапсырылады деп күтілуде. Бүгінге дейін Тараз қаласында 700 пәтерлі 13 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Бүгінге дейін атқарылған бағдарламалар мен жеке бастамалар аясында өңірімізде  21 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 10,5 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы айтқанда алты айда атқарылған шаруа аз емес. Ал экономикалық өсімнің қаншалықты жоғары болғандығына жыл қорытындысы көрсетеді. Нұрдәулет Асан.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар