Без рубрики

«АҚ ОТАУ» ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ЭТНОФЕСТИВАЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«АҚ ОТАУ» ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ЭТНОФЕСТИВАЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Биыл 13 жылдан соң 25-қазан Республика күні ретінде қайта бекітіліп, Ұлттық мереке мәртебесі берілді. Тәуелсіздік қай елдің болмасын басты игілігі, баға жетпес құндылығы! Сондықтан, бұл күн – ұлттық рухты көтеретін мереке деңгейіне айналуы тиіс. Оған 1 жылдық мерейтойын тойлаған «Анаға тағзым» орталығы да өз үлесін қосты. Айтулы мереке қарсаңында ұйымдастырылған «Ақ отау» қолөнершілер этнофестивалінің маңызы орасан. Себебі, осы қолөнер шеберлерінің ерен еңбегінің нәтижесінде Тараз шаһары Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы тізіміне еніп отыр.  width= «Анаға тағзым» орталығының алаңында, «Ақ отау» фестиваль-жәрмеңкесінің көрмесі ұйымдастырылып, қазақтың киіз үйі тігілді. Киіз үй жасайтын қолөнершілердің жұмыстары қойылып, сандық жасап, көрпе тігетіндер, қамшы өріп, киіз өңдеушілер, текемет басып, алаша тоқушылар тіз қатар тізіліп, жасаған жұмыстары көздің жауын алды. Құдды бір этноауылды еске түсірді. Салтанатты шара қазақтың күмбірлеген күміс күйімен ашылып, орталықтағы жас өнерпаздардың түрлі өнері жанды жадыратты. Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков жиналған қауымды ұлттық мерекемен құттықтап, орталықтың бір жылда атқарған жұмысына оң бағасын берді. Қолөнершілердің еселі еңбектері үшін рахметін айтып, Алғыс хатпен марапаттады.  width= Еліміздің ұлық әрі ұлттық мерекесі қарсаңында «Ақ отау» қолөнершілер фестивалін өткізудегі басты мақсат та – салтымыз бен қоғамның тарихи дамуының сабақтастығын бұзбай, құндылықтарымызды сақтай отырып, жас ұрпаққа дәстүріміздің озық үлгілерін насихаттау болып табылады. Әлемге жылуын сыйлап, айналаға тек шуақ шашатын аналар қауымы ақ батасын беріп, келген қонақтар тілектестіктерін білдіріп жатты. Қадамын жаңа нықтаған орталық бір жылда 270-ке жуық іс шара ұйымдастырған. Оның бәрі жас ұрпаққа үлгі боларлық өнегелі істер екеніне ел куә! Шара соңынан қонақтар мерейтойға арнайы жайылған ақ дастарханнан дәм ауыз тиді.