Қала аумағында жоғалған атыс-қаруларын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр
Қала аумағында жоғалған атыс-қаруларын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр
Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері Ұлттық Ұлан әскери жасақ қызметкерлерімен бірлесіп, қала аумағында жоғалған атыс-қаруларын іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Полиция қызметкерлерімен қаланың барлық қараусыз қалған нысандары, мөлтек аудандардың жертөлелері мен шатырлары тексерілуде. Қылмыскерлер ұрланған қаруды тіпті қала аумағындағы зираттарға жасырып қойған. Қызметтік иттер де іздеу жұмыстарына қосылған. Иіс сезгіш иттер полиция қызметкерлеріне қару мен оқ-дәрілерді тезірек табуға көмектеседі. Іздестіру шаралары барысында бір аптаның ішінде барлығы 15 қару табылған. Атап айтқанда, 3 бірлік «Калашников» маркалы автоматы, 6 бірлік аңшы мылтығы, 3 «Макаров» маркалы тапаншасы, 3 травматикалық тапанша және әртүрлі калибрдегі 1000-ға жуық патрондар табылған. Анықталған қару-жарақтардың барлығы сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.