Без рубрики
Алаяқ тірі анасын жерлеу үшін тұрғындардан ақша сұраған
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2023
- 208
Алаяқ тірі анасын жерлеу үшін тұрғындардан ақша сұраған
Үштөбе қаласының тұрғындарын бірнеше рет алаяқтық жолмен алдаған 37 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды Жамбылинфо ақпарат агенттігі.
Оның әзірге келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асатын үш алаяқтық іске қатысы бары анықталып отыр.
Ұсталған азамат көршілес Алматы облысының тұрғыны, ол Үштөбеде жұмыс істеген. Бір оқиғада ер адам жұмыс берушіден тірі анасын жерлеуге деп қаражат сұраған. Бір досынан "соғымға" деп жылқы алған, оны да төлемеген. Үшінші біреуден қолма-қол ақшаны емделу үшін қарызға алған. Қазір күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, - дейді Қаратал аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Арман Сұлтанұлы.Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіліп жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала