Алаяқ тірі анасын жерлеу үшін тұрғындардан ақша сұраған
Алаяқ тірі анасын жерлеу үшін тұрғындардан ақша сұраған
Үштөбе қаласының тұрғындарын бірнеше рет алаяқтық жолмен алдаған 37 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды Жамбылинфо ақпарат агенттігі.
Оның әзірге келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асатын үш алаяқтық іске қатысы бары анықталып отыр.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіліп жатыр.