Ashyq қосымшасы мен карантин талаптары қайта енгізілуі мүмкін
Ashyq қосымшасы мен карантин талаптары қайта енгізілуі мүмкін
Қатаң шектеу шаралары егер өңір «қызыл» аймаққа кірсе енгізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова айтты. Қазір эпид ахуалы нашар аймақтарға қолданылатын шаралар Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге талқылануда. Оларды енгізу туралы шешімді ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Айта кетейік, соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 2,5 мыңға жуық адам тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта.