дүйсенбі, 18 қараша, 2024 21:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қасиетті айдағы қайырымдылық

Қасиетті айдағы қайырымдылық
ашық дереккөзі
Қасиетті айдағы қайырымдылық
  Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбековтың бастамасымен қасиетті Рамазан айында шаһардағы қарттар үйіне қайырымдылық шарасы көрсетілді. Шара аясында мекемедегі жазасын өтеушілер ауладағы күл-қоқыстарды шығарып, сыпырып, тазалап берді. ҚАЖ қызметкерлерінен ықпалымен ауласының тазаланғанына қарттар да дән риза. - Ұзақ жылдар өңірді өркендету саласында еңбек еттім. Қазір осы үйде тұрып жатырмын. Жуырда түзеу мекемесінің басшылығы хабарласып, көмектесетіндерін айтты. Жастардың қамқорлығына риза боп, қуана қарсы алдық. Ерте көктемнен бері тазартылмаған ауланың ажары кіріп қалды. ҚАЖ қызметкерлеріне және тазалыққа атсалысқан әрбір жанға алғысым шексіз, - деді жасы сексеннен асқан Елена әжей. Айта кетейік, ЖД-158/5 мекемесінің қызметкерлері тұрақты түрде қайырымдылық акцияларына қатысып тұрады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар