Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің тезірек жазылып, отбасына оралуына тілеулес екенін жеткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің тезірек жазылып, отбасына оралуына тілеулес екенін жеткізді
«Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэге жасалған қастандықты Қазақстан жұртшылығы ауыр қабылдап, алаңдаушылық білдіріп отыр. Белгілі саясаткердің тезірек сауығып, отбасына оралуына тілектестік білдіремін» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram парақшасында. Еске сала кетейік, бүгін таңертең Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасалған еді. Либерал-демократиялық партияның бұрынғы басшысы жарақат алғаны хабарланып отыр.