жексенбі, 6 қазан, 2024 0:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ауданға жаңа стелла қолданысқа берілді

Ауданға жаңа стелла қолданысқа берілді
ашық дереккөзі
Ауданға жаңа стелла қолданысқа берілді
Үстіміздегі жылы Елімізде аталып өтіп жатқан Әбу Насыр Әл Фарабидің -1150 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының-175 жылдығы құрметіне аудан көлемінде көптеген жұмыстар атқарылып, игі шаралар ұйымдастырылуда. Жамбыл облысы әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған игі істердің бірі әр аудан орталығына кіре беріс жолдың бойына сол ауданның қысқаша мәліметі жазылған стелла орнату тапсырмасын басшылыққа ала отырып, Мойынқұм ауылының кіре берісіне аудан паспорты бар стелланың ашылу салтанаты болып, қолданысқа берілді. Стелланы ашу үшін аудан әкімі М.Мұсаев құттықтау сөз айтып, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Сатыбалдиевпен бірге лентасын қиды. Сондай ақ стелламен бірге кіре берісте Мойынқұм ауылының атауы жазылған арка да жөндеуден өткізіліп, жаңарып, аудан орталығының ажары одан әрі әрлене түсті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар