«Ай мен Айша» жас қылқалам шеберлері байқауының қорытындысы жарияланды
«Ай мен Айша» жас қылқалам шеберлері байқауының қорытындысы жарияланды
Байқауға 146 жұмыс келіп түсті. Облысымыздың Жамбыл, Байзақ, Тұрар Рысқұлов, Жуалы, Талас, Сарысу, Қордай аудандары мен Тараз қаласынан М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Халықаралық Тараз техникалық институты, Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжі, Оқушылар сарайынан, мектептерден, балалар өнер мектебінен, «ART studio», Тұмар мен Дарын мектеп-лицейінен, «Анаға тағзым» орталығының «Сырлы әлем» бейнелеу өнер үйірмесіне қатысушы таланттарымыздың жұмыстарын таразылау әділқазылар алқасына оңайға соқпады. Жалпы байқауға қатысуға ниет білдірген жастар, алдымен Шерағаңның ардақты анасына сөзбен қойған ескерткіші - «Ай мен Айша» романын оқып, соның ішінен әйел-ана образын қылқаламмен бейнелеуі тиіс болатын. Яғни байқауға қатысып отырған 150 дарынды жас сурет салып қана қойған жоқ, көркем сөздің қайнарынан қанып ішіп, Айша апаның тағдырын таныды. 20-ғасырда қазақ халқының басынан кешкен зұлмат жылдарын көз алдынан өткізді. Қиындыққа қайыспайтын қазақ анасының қайсарлығын, төзімділігін үлгі етті.