Без рубрики

Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан алғаш рет бірлескен әскери жаттығу өткізді

Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан алғаш рет бірлескен әскери жаттығу өткізді

Түркия Республикасы Қарулы күштерінің Арнайы мақсаттағы орталығында алғаш рет өткен арнайы мақсаттағы күштердің «Шекарасыз бауырластық – 1» біріккен оқу-жаттығуына Әзербайжан, Қазақстан, Түркия, Пәкістан, Өзбекстан мемлекеттерінен жүзден астам әскери қызметші қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен бірге оқу-жаттығу шеңберінде акустикалық жүйесі бар кешенді симуляторларда әскери-медициналық дайындық сабақтары өткізілді. Ұрыс алаңында алғашқы медициналық жәрдем көрсету мен жаралыларды эвакуациялау кезіндегі іс-қимылдар пысықталды. Оқу-жаттығу шеңберінде «Аэродинамикалық құбыр» тренажеры мен виртуалды бағдарламалық кешендерде парашютшілерді даярлау ұйымдастырылды. Өткізілген маневрлердің негізгі мақсаты – гибридтік қауіп-қатерлер жағдайында серіктес елдердің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің арнайы операцияларды жүргізу кезіндегі тәжірибесін бөлісу.