Қазақстанда жылу мен жарық тарифтері өседі
Себебі, елімізде тозығы жеткен Жылу электр орталықтары жаппай жөнделеді.
Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрлігінің тізгініне келе сала, жылу мен электр энергиясы тарифтерінің қымбаттайтынын айтты.Осыған байланысты жылу тарифі кем дегенде 25 пайызға, ал электр энергиясы 15 процентке көтерілуі мүмкін.
Нақты қаншаға қымбаттайтыны, құйылатын инвестициялар көлеміне тікелей байланысты деді министр. Сондай-ақ Сәтқалиев, жарық тарифін алдағы 3-4 жыл ішінде жыл сайын кемі 15 процентке өсуі керек екенін атап өтті.
Дереккөз: atamekenbusiness_qaz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз