Қазақстанда зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары үшін сенім телефоны іске қосылды
Қазақстанда зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары үшін сенім телефоны іске қосылды
Бүгіннен бастап қазақстандықтар тәулік бойы жұмыс істейтін 111 байланыс орталығына хабарласа алады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі. Бұл нөмір мемлекеттік шұғыл қызметтер тізбесіндегі 101, 102, 103 және т.б. нөмірлердің қатарына енгізіледі. Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін.