жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Б. Сапарбаев: «Біз барлық қиындықты бірліктің арқасында еңсеріп келеміз»

Б. Сапарбаев: «Біз барлық қиындықты бірліктің арқасында еңсеріп келеміз»
ашық дереккөзі
Б. Сапарбаев: «Біз барлық қиындықты бірліктің арқасында еңсеріп келеміз»
Рухани келісім күніне орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі діни конфессия өкілдерімен кездесіп,  мерекелерімен құттықтады. Рухани келісім күніне орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі діни конфессия өкілдерімен кездесіп,  мерекелерімен құттықтады Діни конфессиялардың өкілдері өздерінің халық арасындағы бірлік пен келісімге бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясатқа сәйкес жұмыс істейтіндерін атап өтті. Тараз қаласы Орыс-Православ шіркеуінің басшысы Дмитрий Сташенко Рухани келісім күні Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының нәтижесінде пайда болғанын атап өтті. Облыстық «Әжелер кеңесінің» төрайымы Жәмила Жұмабаева әжелер кеңесі облыстың барлық қалалары мен аудандарында құрылғанын айтты. Олардың құрамына 76 әже енген. Жыл басынан бері олармен 11 кездесу және 27 іс-шара өтіпті. Аймақ басшысы әжелердің «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде өзара ынтымақтастықта жұмыс істеу қажеттігіне назар аудартты. Қордай ауданы, Бұлар батыр ауылы мешітінің имамы Двумар Гуйчир қазір имамдар үйінде діни қызметкерлер қазақ тілін белсенді меңгеріп жатқанын айтты. Діни бірлестіктердің басқа да өкілдері мемлекеттік тілді үйренуде десек, басқосуда Пресвитериан шіркеуінің миссионері Ын Джун Ли  өз ықыласын мемлекеттік тілде жеткізді. Пресвитериан шіркеуінің басшысы Анжелика Ли, «Жетінші күн Адвентисттер» шіркеуінің басшысы Олег Ким, «Тараз қалалық өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Абдурахман Зайнутдинов те ой-пікірлерін ортаға салды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар