жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 2:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Беларусь пен Вьетнам республикаларындағы Елшілер тағайындалды

Беларусь пен Вьетнам республикаларындағы Елшілер тағайындалды
ашық дереккөзі
Беларусь пен Вьетнам республикаларындағы Елшілер тағайындалды
'- Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның Беларусь пен Вьетнам республикаларындағы Елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. «Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
photo
Фото: gov.kz
Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», - деп жазылған құжатта.
photo
Фото: gov.kz
Ал Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар