Білім ошағындағы аналар академиясы
Білім ошағындағы аналар академиясы
Ал кештің ерекшелігі «Зере» аналар академиясының тұсаукесер таныстырылымы – игі істің, жақсы бастаманың бастауы болды. Мақсаты – лицей мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту, өзара сыйластық пен жылулыққа толы орта қалыптастыру екендігін жеткізді. «Ата-аналарға арналған мектеп», «Ата-ана – мектеп – оқушы», «Үштік Одақ» жобасы аясында жасалған жұмыстармен таныстыра отырып, биылғы оқу жылында басымдық беріп отырған бағыттарға тоқталды. Осы мақсатта «Жамбыл инновациялық жоғары колледжі» атынан арнайы команда келіп, лицейімізге, игі бастамамызға сәттілік тілеп, өздерінің ізгі ниеттері мен ыстық ықыластарын білдірді. Мерекелік бағдарлама аясында 7-сынып ата-аналары ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды. Бұл лицей өмірінде аналар академиясының құрылуының бастамасы ретінде Аналар академиясының кубогін сыйға тартты. Бақытты бала – бақытты отбасында өмір сүретіндігін, бала тәрбиесінде ата-ана мен мектеп өз мүмкіншіліктері мен қызметін бірлесе ұйымдасқанда ғана толыққанды тұлға болмысы қалыптасатындығын ұғынды.