Без рубрики
Бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия беріледі
- авторjambylinfo.kz
- 22 маусым, 2022
- 146
Бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия беріледі
Қазақстандық фермерлер 1 шілдеден бастап, бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия алуға өтінім бере алады. Бұл туралы Жамбыл инфо, "ҚазАқпарат" сайтына сілтеме жасап хабарлайды. «Жұмыртқа шығаратын құс фабрикалар 1 шілдеден бастап, бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия алуға өтінім бере алады. Биыл тағамдық жұмыртқаны субсидиялауға республикалық бюджеттен 6,5 млрд теңге жұмсалды», - делінген хабарламада. 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда құстардың саны 3,7% - 47,1 млн басқа дейін өсті. Тауық жұмыртқасының өндірісі 12,1% артып, 1559,5 млн дананы құрады. Ішкі нарықтың тағамдық жұмыртқамен қамтамасыз етілуі 100% құрайды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз