Биыл МӘМС жүйесі арқылы 12 мыңнан астам қымбат ота жасалған
Биыл МӘМС жүйесі арқылы 12 мыңнан астам қымбат ота жасалған
2022 жылдың7 айында МӘМС жүйесі арқылы 12 мыңнан астам қымбат ота жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат . Бұл жайында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айдын Ашуев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты. «2,5 жыл ішінде медицинадағы барлық проблемаларды шешу мүмкін емес. Алайда МӘМС жүйесінің арқасында адамдар бұрын тек ақылы болған қызметтерді тұтына алады. Биыл жоғары технологиялық көмек көлемі 1,5 есе өсті. Осы жылдың 7 айында 12 мыңнан астам қымбат операциялар жасалды. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 34%. «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 7 мың эко-рәсімнің 4 мыңға жуық репродуктивті қызметі қаржыландырылды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 40% болды. Осылайша, МӘМС жүйесі саланы қаржыландыру бөлігінде қолайлы жағдайлар жасайды. Бірақ қазір медициналық көмекті ұйымдастыру, клиникалардың ішіндегі менеджмент деңгейі, пациенттерді дұрыс бағыттау мәселелері өзекті», - деді Айдын Ашуев.